Өрттен 2 адам құтқарылды

Балконнан өрт шығып, екі әйел құтқарылды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 20 қазан сағат 18:04 шамасында болған.
Қала іргесіндегі Геолог ықшамауданындағы 2 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы балкон өртке оранып, оны сөндіруге департаменттің 10 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылған. Ол жерде шиналар мен ағаштың қалдығы өртенгені анықталды. Өрт сөндірушілер тұрғын үйдің екінші қабатынан 2 әйелді құтқарған.
Жалын сағат 18:22-де толықтай сөндірілді. Зардап шегушілер жоқ.