4 автобус айыппұл тұрағына қойылды

Жолда жүру ережелерін бұзған автобус жүргізушілерін анықтау, алдын алу мақсатында Атырауда «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атылған шараның бір күнінде облыс аумағында 143 автобус анықталған.
Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Ерлан Биғамбаевтың айтуынша, анықталған өрескел бұзушылықтардың басым бөлігі жылдамдықты асыру, басып озу, ұялы телефонмен сөйлесу, бағдаршамның «қызыл» белгісінен өту, қауіпсіздік белдігін тақпау.
Атырау қаласында бір күнде түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 54 автобус жүргізушілеріне 750 060 теңге айыппұл салынып, 4 автобус айыппұл тұрағына қойылды.