Атырауда карантин талаптары сақталмайды

Атырау облыстық қоғамдық бақылау тобы сауда орталықтарын, азық-түлік дүкендерін, дәмханалар мен дәріханалар және базарларды тексеріп шыққан.
Топ мүшелерінің айтуынша, Атырау қаласындағы күнделікті адам көп жиналатын әлеуметтік нысандарда әлеуметтік арақашықтық сақталмайды. Келушілердің көпшілігі маска тақпайды. Мәселен «Атырау», «Тамаша», «Рахат» сауда орталықтарының кіре берісінде келушілердің маска тағуы қадағаланып, дене қызуы өлшенеді. Алайда сауда дүңгіршектерінде сатып алушылар мен сатушылар маскасыз сөйлесіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтамайды.
Сондай-ақ, қоғамдық бақылау мүшелері 15 азық-түлік дүкені мен 2 базарды тексеріп шыққан. Шағын азық-түлік дүкендері мен базарларларда да карантин талаптары мен қарапайым санитарлық ережелер сақталмаған. Әуежайда да жағдай осындай. Тек арантин талаптары жолаушылар автобусында ғана қатаң сақталуда.