Денсаулық - 07.10.2020

Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталмады

Атырауға халықаралық рейспен келген жолаушылардан коронавирус анықталмады.

Кеше Атырауға Стамбулдан әуе бортымен 115 жолаушы келген. Оның 20-да ПТР-тест қорытындысы туралы анықтама болмағандықтан олар карантин стационарына жатқызылған еді.

– Бүгін таңертең тест қорытындысы белгілі болды. Карантин стационарындағы жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ – деп хабарлады Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ербатырова.

Оның айтуынша, түнде Атырауға Амстердамнан тағы бір ұшақ келіп қонды. Бұл рейстегі 48 жолаушының үшеуінде тиісті анықтама болмаған. Анықтамасы жоқ жолаушылар карантин стационарына орналастырылғанымен, олардан ПТР-тест қорытындысы бойынша COVID-19 инфекциясы анықталмады.