Денсаулық - 07.10.2020

Науқастар саны қайта өсуде – министрлік

Егер қазақстандықтар санитарлық талаптарды сақтамаса, қатаң шектеу шаралары қайта енгізілуі мүмкін. Sputnik Қазақстанның хабарлауынша, бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді.

– Жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан, біз күткен нәтиже болмай отыр. Науқастар саны қайта өсуде. Егер азаматтар санитар дәрігердің талаптарын сақтамаса, тағы да қатаң карантинге оралуымыз әбден мүмкін, – деді Қожахметов онлайн брифингте.

7 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда 108 362 адам коронавирус жұқтырған. Ал соңғы тәулікте 66 адамда коронавирус диагнозы расталып, 6 пайызға өскен.

Қазір 3 145 пациент індеттен емделіп жатыр. Барлығы 103 465 адам жазылып шықса, 1 752 науқас қайтыс болды.