Қазақстанда «Кеңес үкіметінің тұрғындары» әлі бар
Биылғы 8 айда елімізде бұрынғы КСРО төлқұжатымен жүрген 867 адам анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің бастығы, полиция полковнигі Сабыржан Сейтжанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, еліміздің әр жерінде құжатсыз тұрып жатқан адамдар анықталып, соған орай Ішкі істер министрінің тікелей тапсырмасымен арнайы акция ұйымдастырылуда екен. 2019 жылы КСРО төлқұжатымен жүрген 1 727 адам құжаттандырылса, биылғы 8 айда 867 адам анықталып, жаңа құжат алған.