Жалған хабарламалар әшкереленуде

Stopfake.kz ресурсы 100-ден астам жалған хабарламаларды әшкереледі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.
Жаңа ақпараттық ресурс жұмыс істегелі бергі 2 ай ішінде 91 жалған хабарламалардың теріске шығарылуы жарияланып, 37 тақырып бойынша түсініктемелер берілген. Жалған ақпараттар мен жаңалықтардың, бұрмаланған мәліметтердің басым бөлігі медицина тақырыбы мен әлеуметтік медиа алаяқтықпен байланысты.
Stopfake.kz жобасының өзі желіде жалған ақпараттың таралуын тоқтату және шатасулар мен түсінбеушіліктердің деңгейін төмендету, сонымен қатар, оқырмандарға сыни ойлаудың маңыздылығын еске салу үшін жасалды.