Айналымнан шығатын банкноттар анықталды
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2020 жылдың 3-қазанында 2006 жылғы үлгідегі 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады.
Қолма-қол ақша айналымынан алынған банкноттарды Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық банктің филиалдарында жүргізіледі.
– 2006 жылғы банкноттарды кезең-кезеңімен ауыстыру және алу 2016 жылдың қарашасында басталды. Осы жылдың 3-қазанында аталған банкноттардың айналыс мерзімі аяқталғаннан кейін Ұлттық банктің филиалдары оларды қабылдауды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастауды тоқтатады. Осы күнге дейін банкноттарды еліміздің 17 қаласында орналасқан ҚР ҰБ-нің барлық аумақтық филиалдарында айырбастауға болады, – деп атап өтті Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.