Карантинде 830 мыңға жуық бизнес жұмысын тоқтатқан
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Қазақстанда карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» баспасөз маслихатында кәсіпкерлердің infokazakhstan.kz сайтына кіру арқылы рұқсаттама алып, жұмысын бастауға мүмкіндік алатынын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
— Кеше Үкімет басшысының басқаруымен мемлекеттік комиссияның жұмысы болып өтті. Онда қабылданған ең басты шешім — карантиндік шараларды жұмсарту туралы болды, — дейді Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев.
Оның айтуынша, 830 мыңға жуық бизнес осы күнге дейін жұмыс істемей тұрды. — Бұл шамамен 1,3 млн. адамға қатысты. Қабылданған шараларға байланысты 17-тамыздан бастап көп бизнес түрі жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Кәсіпкерлер жұмысқа шыққаннан кейін қандай жұмыс алгоритмі талап етіледі, осы туралы 3 аптаға жуық бизнестің даярлық ассоциацияларымен талқыладық. 3—4 күнде шешім қабылданды. Ең бастысы — «Атамекен» ҰКП қолдауымен infokazakhstan.kz сайты іске қосылды. Жұмысқа шығатын кәсіпкерлер осы сайтқа тіркеліп, рұқсатнамасын алып, жұмыс істеуге мүмкіндігі бар, — дейді ол.