АӘК 8000-ға жуық адамға беріледі
Атырау облысында осы жылдың 1-шілдесінен 1 387 отбасындағы 7 899 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
— Атаулы әлеуметтік көмектің шартты ақшалай көмек түрін алушылардың ішінде еңбекке қабілетті адамдар саны — 2 154. Оның 28-і өзін-өзі қамтитындар, 1 049-ы көмекке жүгіну кезінде жұмысы барлар, 431-і жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер, 610-ы бала күтіміндегілер болса, ал 36-ы – өзге санаттағылар, — деді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла.