42 500 теңге тағы беріле ме?
Бүгін ОКҚ-да Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Брифингте министр карантиннің тағы 2 аптаға созылуына байланысты 42 500 теңге әлеуметтік төлем жөнінде айтты.
— Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік комиссияға карантин мерзімін ұзарту мәселесін қарау туралы тапсырма жүктелген болатын. Таяуда өтетін мемлекеттік комиссияның отырысында бірқатар міндет қаралып, оның ішінде халық пен экономиканы қолдау мәселесі де пысықталады. Бұл мәселе сол себепті мемлекеттік комиссияның отырысынан кейін белгілі болады, — деді Руслан Дәленов.