42 500 теңгеден 1 500 атыраулық үмітті
Атырау облысы бойынша 42 500 теңге алуға 1500-ге жуық адам өтініш жіберген. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады.
Өңірде 2 140 қызметкерге әлеуметтік төлем тағайындау үшін жұмыс берушілерден 1 489 өтініш келіп түскен. Штаб отырыстарында олардың ішінде 403 жұмыс берушілерден түскен 412 өтініш қаралып, әлеуметтік төлем тағайындауға Азаматтарға арналған Үкіметке жолданды.
Шілде айына берілетін 42 500 теңгені жеке практикамен айналысатын адамдар, орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер, азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша кіріс алатын адамдар ала алады.