Атырауда ҰБТ басталды
Бүгін Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-нің тестілеу орталығында 222 талапкер ҰБТ тапсырды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
ҰБТ ашық алаңда ұйымдастырылды. Тест тапсырушылардың барлығы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес, дезинфекцияның 5 кезеңінен өтті. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының аталған университеттегі филиалының жетекшісі Айнагүл Дүйсекенова мәлімдеді.
— Мектеп түлектері емтиханға онлайн режимінде өтініш берді. Тест тапсырмас бұрын барлық өтініш берушілердің, қызметкерлер мен комиссия мүшелерінің дене қызуы өлшенді. Тест тапсырушылар арасындағы арақашықтықтың кемінде 2 метр болуы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, кіре берісте әр үміткерге жаңа медициналық маскалар беріліп, екі сағат өткен соң оларға тағы да жаңа маскалар таратылды, — дейді Айнагүл Дүйсекенова.
Биыл өңірде Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге 3 102 адам өтініш берген. Оның ішінде өткен жылы мектеп бітірген 2 254 түлек бар.
Қазіргіуақытта 6 тестілеу пункті ұйымдастырылған. Олардың біреуі облыс орталығында болса, бесеуі аудандарда орналасқан.