COVID-19: Атырауда 17 адам тіркелді
Кешегі мәлімет бойынша, Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 17 адам тіркелді. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабар таратты.
COVID-19 жұқтырған 4 адам — Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. Олардың үшеуі — 1993, 1995, 1982 жылы туған ер адамдар, ал біреуі — 1968 жылы туған әйел адам. Олардан COVID-19 скринигтен өту барысында және денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінген кезде анықталды.
Ал басқа 9 жағдай Атырау қаласынан тіркелді. Олардың бесеуі — 1960, 1985, 1999, 1984, 1959 жылы туған әйел адамдар болса, төртеуі — 1951, 1998, 2002, 1955 жылы туған ер адамдар. Олардың біреуі бұрын инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған. Төртеуінен скринингтен өту кезінде анықталса, қалғандары ЖРВИ белгілерінің болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген.
Тағы 2 жағдай Құрманғазы ауданынан тіркелді. Олар — 1956 жылы туған әйел адам және 1958 жылы туған ер адам.
Сондай-ақ, 1972 жылы туған Жылыой және 1964 жылы туған Индер ауданының тұрғындарынан да тіркелді. Олардың бірқатары денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінсе, қалғандарынан скринингтен өту кезінде анықталған.
Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, олармен байланыста болғандар анықталуда.
Бүгінге дейін аймақта COVID-19 жұқтырған 1341 адам анықталды.Ж азылып шыққандар саны — 994.