Төрт айда 3335 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Осы жылғы қаңтар-сәуірде 3 335 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4 820 адам зардап шеккен. Бұл былтырғымен салыстырғанда салыстырғанда жол апаты 21,4 пайызға кемігенін білдіреді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялады.
1 мамырдағы көрсеткіш бойынша, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 10 млрд. теңге сомасында 25 056 сақтандыру қызметін жасаған.
Сонымен қатар, биылғы қаңтар–сәуір аралығында елімізде 217 мыңнан астам жеңіл көлік тіркелген. Комитеттің дерегінше, 2020 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан Республикасында 217592 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 29,5 пайызға кем. Ал 1 мамырдағы есеп бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3932,4 мың болған.