Тоқаев: Үкімет пен әкімдік азық-түлік бағасын қадағалау керек
Үкімет және әкімдіктер тұрақтандыру қорларын толықтырып, азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуі керек, деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Сондай-ақ, онда ТЖ кезінде азық-түліктің жеткізілуіне ерекше көңіл бөлініп, алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейтіні айтылған. Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың да «шекті бағасы» сақталуы тиіс.
«Continental Logistics» көлік-логистикалық орталығына барып, елорда мен өңірлерге азық-түлік жеткізу жұмыстарымен таныстым.
Еліміз әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толық қамтамасыз етілген. Жалпы сомасы 14,8 млрд теңге болатын мемлекеттік қор қалыптасуда.» дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.