Коронавирустың таралуына 5G желісі әсер ете ме?
Англияда белгісіз біреулер 5G интернет желісін тарататын мұнараларды бірінен соң бірін өртеуде.
Оған ел аузында жүрген «соңғы үлгідегі мұнаралардың COVID-19 індетін таратуға әсері бар» деген қауесет себеп болып отыр. Мұндай бұзақылық Ливерпуль сияқты ірі қалаларда толастамай тұрған көрінеді.
Коронавирустың тез тарауын Ухандағы 5G желісімен байланыстыратын бұзақыларды әзірге мамандардың сөзі тоқтатар емес. Дегенмен жоғарыда аталған мұнаралардың иелері дәл сондай желі болмаса да, Иран сықылды мемлекеттерде індеттің жылдам тарағанын алға тартып, бұзақылықтан бас тартуға шақыруда.