Екі аптада 10 миллион адам жұмыссыз қалды

Осы аптада АҚШ-та коронавирустың салдарынан 6,65 миллион адам жұмысынан айрылып, мемлекеттен жәрдемақы алуға өтініш білдірген. Бұл – АҚШ тарихындағы рекорды көрсеткіш, деп жазады Егемен Қазақстан газетінің ресми сайты

АҚШ Еңбек министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 28 наурыздан бері 7 миллионға жуық адам жұмыспен қамту орнына тіркеліп, жәрдемақы алуға өтініш түсірген. Бұған басты себеп – коронавирустың пандемиясы. Әдетте, АҚШ-та апта сайын жәрдемақы алуға берілетін өтініш саны 300 мыңнан аспайды.

Құрама штаттарының тарихында бұған дейін мұндай көрсеткіш тіркелмеген еді. Өткен аптада 3,3 миллион адам жұмыссыз қалды. Оның алдындағы рекорд 1982 жылы болып, 695 мың адам жұмыссыз ретінде мемлекеттік жәрдемақы алған-тұғын.

АҚШ Еңбек министрлігінің деректеріне сүйенсек, кейінгі екі аптада жұмысынан айрылғандар саны 10 миллионға жеткен.

 

Абай Отар,

Егемен Қазақстан