Бүгінде әдебиет сені асырай алмайды
Анар РЗАЕВ, Әзербайжан Жазушылар одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:
– Егер топырағы торқа болғыр Президентіміз Гейдар Әлиев Жазушылар одағын бюджетке кіргізбегенде, баспасөз құралдарына субсидия бөлдірмегенде шығармашылық ұйым шаңырағы шайқалып кететін еді. Елімізде кәсіби 1800-дей жазушы тіркелген. Солардың әрқайсысы өзін Низами, Физулиден кем санамайды. Сөйтпесе сөлді сөз тудыра ма! Өкінішке қарай, жалпақ жұрт жазушылардан көрі эстрада жұлдыздарын көбірек білетін «ауруға» ұшырады. Оқырмандарымыз бұрын қолтаңба алуға құштар болса, бүгінде суретке түсуге сүйрелейді. Сен қалайсың ба, жоқ па, шаруасы шамалы. Әр заманның өз ерекшелігі болады да. Көреміз, көнеміз… әдебиетке шынайы берілгендер ештеңеге қарамай жазып жатыр. Ал ақша мен атақ қуушылар тұйыққа тіреліп тұр. Бүгінде әдебиет сені асырай алмайды. Әдебиетке құлақкесті құл болу үшін шектен шыққан жанкештілік қажет.
«EGEMEN QAZAQSTAN», 3.02.2020.