Аймақ - Әлеумет - 02.04.2020

Коронавирус: атыраулық еріктілер көмектеспек

Атыраудағы Азаматтық орталық іргеміздегі індетке қарсы бірге күресуге шақырады. Бұл туралы орталықтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабар таратты. 

Нақтырақ айтсақ, коронавирусқа қарсы күрес үшін Азаматтық орталық жанынан Еріктілер штабы құрылды. Штаб бірнеше бағыт бойынша қызмет атқарады.

Кез-келген адам атыраулық еріктілердің қатарына қосылып, төменде көрсетілген бес бағыт бойынша жұмыс істей алады:

1. Авто-еріктілер (тұрғындарға азық-түлік, дәрі-дәрмек таратуға көмек);

2. Медицина еріктілері (жедел жәрдем қызметкерлеріне көмек);

3. Мониторинг жүргізетін еріктілер (азық-түлік бағаларына мониторинг жасауға көмек);

4. Рейдке шығатын еріктілер (полиция қызметкерлеріне көмек);

5. Ерікті тігіншілер (бірнеше мәрте пайдалануға болатын маскаларды тігуге көмек);

«Мұндай маңызды сәтте әр адам өз үлесін қоса алады. Тіпті, сіз атқарған кішкентай жақсылық пайдасын тигізу мүмкін. Біздің қатарымызға қосыл!» деп жазады Азаматтық орталық мүшелері.

 

Байланыс телефондары:

8775 892 38 94 — Айнагүл Баяндықызы

8775 892 38 34 — Әсемгүл Тұрланова

8775 892 38 74 — Арайлым Аралбаева