Әлем - Спорт - 31.03.2020

УЕФА көптеген мәселені тікелей эфирде талқыламақ

УЕФА басшылығы өзіне мүше 55 футбол федерациясының басшыларын видеоконференцияға шақырды. Бұл туралы ресми сайтында жарияланды.

1-сәуірде өтуі тиіс конференцияда құрама командалар мен клубтар қатысатын турнирлер мен біріншіліктерді қашан және қалай өткізуге болатыны айтылмақшы. Сонымен қатар, тікелей эфирде өтетін жиында футболшылардың келісім-шарттарына, трансферлік мәселеге қатысты әңгіме өрбімек.