Дерт жұқтырған он үшінші адам – 49 жаста

Атыраудағы COVID-19 індетін жұқтырған он үшінші адам «Алматы-Атырау» бағытындағы рейспен келген 49 жастағы әйел болып шықты. Ол туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабар таратты.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта науқас оқшауланып, инфекциялық стационарға жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, 49 жастағы әйелдің жағдайы тұрақты, өзін жақсы сезінуде.

Оның 21-наурыз күні Атырауға Алматыдан ұшып келгені белгілі болды. Қазір коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдар іздестіріліп, барлығы оқшаулануда.