Атырауда төртінші адамнан коронавирус анықталды

Атырау облысында короновирус жұқтырған төртінші адам анықталды. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабар таратты. 

Стамбұл-Атырау рейсінің жолаушысынан короновируске тест оң нәтиже берді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникацтялар қызметі.

Бүгін, 28-наурызда індетті жұқтырған төртінші адам Стамбұлдан келген рейс жолаушысынан анықталды.

Короновирус жұқтырған 31 жастағы әйелді бірден оқшаулап, екінші Облыстық ауруханаға жатқызды.

Арнайы рейстің 62 жолаушысы және экипаж мүшелері 14 күнге карантинге жатқызылды. Олардға жасалған тест теріс нәтиже көрсетті.