«Астана» 2 ойыншымен келісім-шарт мерзімін ұзартты

Санаулы сəттер бұрын ғана «Астана» ФК негізгі құрамның екі ойыншысымен келісім-шарт мерзімін ұзартқанын хабарлады.

Енді жаңа еңбек келісімі бойынша қорғаушы Антонио Рукавина 2021 жылға дейін «Астана» жейдесінде төр төгеді. 35 жастағы сербиялық футболшы 2018 жылдың бел ортасында «Астана» қатарына қосылған. Осы уақыт аралығында 45 матчта алаңға шығып, 3 гол салған. Ал шабуылшы Марин Томасов 2022 жылға дейін елордада қалмақ. Ол ел чепмиондарының сапына 2017 жылы келген-ді. Бас-аяғы 96 ойында 40 гол мен 41 нəтижелі пасы бар.

Шамкен БАЙЫРБЕК.