Екі сиырмен жан бағуға бола ма? Бердібек Сапарбаевтың жауабы

 ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев «Екі сиыр ұстап, жан бағуға бола ма?» деген сауалға жауап берді.

Бүгін елордада отбасыларға заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсететін «Жанұя» орталығы ашылды. Оған ҚР вице-премьері Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Алтай Көлгінов келді. Үкімет басшысының орынбасарынан тілшілер екі сиырмен қалай жан бағуға болатынын сұраған еді.

«Бәріміз де ауылдан шыққанбыз. Әрине, 1 сиыр немесе 2 сиыр болсын жан бағуға болады. Бірақ ол үшін сиырларға жағдай жасау керек. Адамдар шөп пен жем жоқ деп шағымданады. Егер біз ештеңе жоқ десек, онда ол солай болады», — дейді Бердібек Сапарбаев.

Оның айтуынша, егер ол сиырларды дұрыс қоректендірсе, әрқайсысынан 7-8 литр сүт алуға болады.

«Мысалы, күніне 2-3 литрі сіздің қажеттілігіңізге жұмсалса, қалған сүттен сүттен май, құрт, қаймақ жасай аласыз. Көпшілігіміз ауылда өсіп, мал баққанбыз. Одан бөлек, бақша ұстадық. Сұрақ екі сиырда емес, мәселе азаматтардың еңбекқорлығына байланысты. Біз дамыған 30 елдің қатарына кіргіміз келеді. Ол үшін балаларды ерте бастан еңбеккке баулу керек. Өзіміз солай өстік. Әсіресе, ауылдардағы жұмысты үйренуіміз керек. Мемлекет өз кезегінде азаматтардың пайдалануына жағдай жасайды», — деді вице-премьер.

Бек ТӨЛЕУОВ
Фото: ашық дереккөз