Жаңалықтар
Атырау облысы әкімінің аппарат басшысы мен орынбасары тағайындалды
Атырау облысы әкімінің аппарат басшысы мен орынбасары тағайындалды. Бұл туралы Атырау облысының әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабар таратты. Бүгін, 16 қыркүйекте өңір басшысы Нұрлан Ноғаев облыс активіне аппараттың жаңа басшысы мен өзінің орынбасарын таныстырды,- деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Әкімнің жаңа орынбасары мен аппарат басшысы басқа жұмысқа…
Толығырақ »Тоқаев көңіл айтты
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы облысындағы автобус пен пойыздың соқтығысынан қайтыс болған жүргізушінің туған-туыстарына көңіл айтып, тергеу жұмыстары басталғанын айтты. Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматы облысының Шамалған стансасында автобусқа жолаушылар пойызы соқтығысып, салдарынан 1 адам көз жұмған еді. Жарақат алғандар да бар.
Толығырақ »Халық биліктен көпір салуын талап етті
Кеше Алматы облысында автобусқа жолаушылар пойызы соқтығысқан апат орын алды. Нәтижесінде, автобус жүргізушісі сол жерде қаза болып, тағы бірнеше адам ауыр жарақат алған. Автобус тыйым салынған дыбыстық белгіге қарамастан теміржолды кесіп өтпек болған. Алайда көлік кептелісі алға жылжуына кедергі келтіріп, оған Қостанай-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, автобус жүргізушісі…
Толығырақ »Атырауда аутизммен ауыратын балалар үшін инклюзивті сынып ашылды
12 қыркүйек «Авангард» ықшамауданындағы №3 гимназия-мектебінде инклюзивті сынып ашылды. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің ресми парақшасында хабар тарады. Инклюзивті сыныптың ашылуына Атырау облысы білім басқармасының қызметкерлері, қалалық білім бөлімінің инклюзив бойынша жауапты маманы, Атырау облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мекемесінің басшысы, мектеп ұжымы мен ата-аналар қатысты. Қазірдің өзінде сыныпта 5 бала білім…
Толығырақ »Тұмауға қарсы екпеге 55 млн. теңге бөлінген
2019 жылы Атырау облысы бойынша тұмауға қарсы 61 мың дозадан астам вакцинаға тапсырыс беріліп, соның 30 мыңы сатып алынған. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 55 млн. теңге қаражат бөлінген. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев мәлімдеді. «Тұмау…
Толығырақ »Н.Ноғаев пен кәсіподақ көшбасшылары еңбек мәселелерін талқылады
Атырауда ҚР Кәсіподақ федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібеков пен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен облыстық кәсіподақ кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабарлады. Жиында кәсіподақ көшбасшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тереңірек талқылады. Ал облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев…
Толығырақ »Атыраулық жас футболшылардың тағы бір жеңісі
Шымкент қаласында «Жетісу» командасына қарсы ойнаған «Атырау» 3:2 есебімен басым түсті. Бұл – Нұрхат Ахметов баптайтын 2006 жылғы спортшылардың ҚР Кубогы жолындағы екінші жеңісі. Кирилл Ковалевтің соққан 2 голы мен Нұрсейіт Бердештің жалғыз голы атыраулықтардың жеңіске жетуіне ықпал етті.
Толығырақ »Құлсарыда – жаңа әкім
Бүгін Атырау облысы, Жылыой ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жантөре Рашев Құлсары қаласының әкімі етіп Ысмағұл Ернар Құтқожаұлын тағайындады. Е.Ысмағұл 1984 жылы 7 қазанда Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу поселкесінде дүниеге келген. Білімі жоғары, 2006 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, 2011 жылы Атырау мұнай және газ институтын бітірген. Еңбек өтілі:…
Толығырақ »Қ.Тоқаев ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Кездесу барысында Қазақстан мен Қытайдың парламентаралық ынтымақтастығы жайы талқыланып, екі тарап та аталған қарым-қатынастың жұмысын оң бағалаған. Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжаньшуды ҚХР-дың 70 жылдық мерекесімен құттықтап, Қытайға мемлекеттік сапары барысында жасалған өзара тиімді уағдаластықтар жөнінде айтты. «Кешегі келіссөздер сәтті өтті. Қытай – Қазақстанның үлкен…
Толығырақ »








