Жаңалықтар
17,5 миллион халық интернетпен қамтылған
Пандемияға қарамастан Қазақстан елді мекендерін интернетпен қамту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айттты. – Халықты толғандыратын ең басты мәселе – сапалы интернетке қолжетімділікті ұлғайту болып отыр. Еліміздегі 18,7 млн. халқымыз 6500-ге жуық елді мекенде тұрады. Солардың ішінен 4 751 елді мекенде…
Толығырақ »Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай рақымшылық жасалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде полиция қызметкерлерін жан-жақты әлеуметтік қолдау мәселесін көтерді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды. Алқа мәжілісінде Президент Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес, азаматтарға және жалпы мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға амнистия жасалатынын жеткізді.
Толығырақ »2015 жылы сотталған әйел түрмеге енді қамалды
Сот үкімі 2015 жылы шыққан жеңгетайлық қызмет ұсынып, притон ұстаған атыраулық әйел түрмеге енді қамалды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Келіншек 2015 жылдың қыркүйек айында Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 309-бабы бойынша «жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» айыпты деп…
Толығырақ »Індетпен күресуге тағы 238,7 млрд. теңге бөлінеді
Сенаттың жалпы отырысында 2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке толықтыру мен өзгерту енгізу қабылданды. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады. Бұған дейін Мәжілістен қолдау тапқан заң жобасы Сенатқа жетті. Бұл заң жобасына толықтырулар мен өзгерту енгізудің басты мақсаты – медициналық қызметкерлерге материалдық қолдау көрсету және COVID-19-дың таралу мүмкіндігінің екінші толқынына қарсы…
Толығырақ »Мұнай бағасы құлдырауда
Вrent мұнайының бағасы едәуір төмендеді. РИА Новостидің хабарлауынша, Brent маркалы мұнайдың бағасы 5 қазаннан бері алғаш рет барреліне 40 доллардан төмен түсті. 28 қазан Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:38-дегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының қаңтардағы фьючерстерінің бағасы 3,92 пайызға – барреліне 39,97 долларға дейін, WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері…
Толығырақ »Психологиялық және психотерапиялық көмек алу қолжетімді болды
Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы ЮНИСЕФ балалар қорымен бірлесіп, коронавирус пандемиясы кезінде халықтың барлық тобына психологиялық және психотерапиялық қашықтан көмек көрсету үшін сайт құрды. Бұл туралы Елорда Ақпарат хабарлады. Сайт екі үлкен бөлімнен тұрады. Біріншісі – білім беру бөлімі, мұнда сіз психикалық денсаулық туралы және пандемия кезіндегі күйзелісті қалай еңсеруге…
Толығырақ »Коронавирус тағы 268 адамнан анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 268 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады. Оның ішінде төртеуі – Атырау облысынан. Сондай-ақ, өткен тәулікте өңірде 4 адам аталған инфекциядан емделіп шықты. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 111 100-ге жетсе, оның 106 059-ы ауырудан жазылып шықты.
Толығырақ »Атыраулық 5 оқушы халықаралық білім грантына ие болды
Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5 оқушысы халықаралық «MINIBOSS» бизнес-мектебінің білім грантына ие болды. Кәсіпкерлікті дамытуға арналған оқу орнында Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары бір жыл тегін білім алады. Дарынды балалардың төл жобасын дайындауға Қазақстан мен Ұлыбританияның бизнесте жүрген жетекші мамандары қолдау көрсетуді көздеп отыр. – Соңғы үш жыл бойы «MINIBOSS» Қазақстандағы…
Толығырақ »Экоұрықтандыру МӘМС есебінен тегін жүргізілмек
Қазақстанда экоұрықтандыру процедурасын міндетті медициналық сақтандыру аясында тегін жасауға болады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады. Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұған дейін кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі биылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне енді. Жасанды…
Толығырақ »Балаларға арналған бірыңғай тарифті SIM-карта енгізіледі
Елімізде балаларға арналған бірыңғай тарифі бар SIM-карта енгізілмек. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мәминнің Сенат депуттарының сауалына берген жауабында айтылған. – Қазіргі уақытта кибербуллингке қарсы іс-шаралар 2020 – 2023 жылдарға арналған балалар құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицид мәселесін шешу жөніндегі жол картасын…
Толығырақ »









