Оқи отырыңыз
Еріктілер балаларға жаңажылдық ертеңгілік ұйымдастырды
«Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен «Теңіз жүрегі» жобасы аясында еріктілер Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы балаларға жаңажылдық ертеңгілік ұйымдастырды, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, «Теңіз жүрегі» жобасының еріктілері осы орталықтың балаларына әртүрлі тақырыпта шығармашылық шеберлік сағаттарды, кино-тайм, спорттық жарыстар мен мәдени демалыстарды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Сондай-ақ, орталыққа теледидарлар,…
Толығырақ »Тергеу изоляторында фронт-офис ашылды
Атырауда Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№75 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінде фронт-офис ашылды, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО. Тергеу изоляторына келушілер үшін салынған ғимарат қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың «Жол картасын» орындау мақсатында жүзеге асып отыр. Фронт-офис құрылысына республикалық бюджеттен 58 млн теңге бөлінген. – Фронт-офистің құрылысы үш айға созылды. Бұған дейін тергеу изоляторына келушілер сыртта…
Толығырақ »Палестинаға көмек жіберіп, азаматтарымызды алдыртамыз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен және «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігімен бірлесіп Палестина халқына арнайы ұшақпен гуманитарлық көмек жүгін жеткізді, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО. Аталған бортпен Қазақстанға Газа секторынан эвакуацияланған 28 адам – ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелері елге жеткізіледі.…
Толығырақ »Полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Киберпол қазіргі уақытта интернет-алаяқтық деректері жиілеп кеткенін хабарлайды, жәбірленушілер атынан Whatsapp мессенджеріндегі аккаунтты пайдаланып, олар қолжетімді барлық контактіге әртүрлі сылтаулармен ақша жіберуді сұрайтын мәтінді жіберіп, үшінші адамдардың жалған шоттарын көрсетеді, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО. – Күдіктілер зиянды сілтеме арқылы Whatsapp аккаунтына қол жеткізе алатыны белгілі болды. Осыған орай, Алматы полициясы азаматтарды,…
Толығырақ »Күзетшіден есірткі табылды
Атырауда күзетші болып жұмыс істейтін күдікті есірткі тасымалдаған, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО. 15 қараша күні Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары кезінде қала аумағында есірткі заттарын сақтаған деген күдікпен Жайық өзені жағасында 1982 жылы туған қала тұрғынын анықтады. Тексеру кезінде күдіктінің сырт киімінен және тіркелген…
Толығырақ »Атырау облысында температура түнде -18°С, күндіз -12°С-қа дейін күрт төмендейді
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес желтоқсан айында ауа райының жиі өзгеруі күтілуде. Кейбір аудандарда қар көп жауып, боран болады деп болжануда. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, тұман, көктайғақ, екпіні секундына 15-30 метрге дейін немесе одан да көп жел соғады. Жауын-шашын тоқтап, тұрақсыз болған ауа-райы аязға ауысады, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.…
Толығырақ »ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Летисия Баззи-Вейлмен кездесу өткізді. Кездесу кезінде тараптар бірлескен жұмыстың қорытындылары және ведомство мен халықаралық ұйымның одан әрі ынтымақтастығының перспективаларын талқылады, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО. Светлана Жақыпова ЮНИСЕФ-ке әлеуметтік жұмыстың тиімділігін арттыруға, халықтың белгілі бір санаттары үшін…
Толығырақ »Атырау облысында малдың 69%-ына сібір жарасына қарсы екпе егілді
Астанада Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысы өтті. Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен жиынға орталық аппараттың, аумақтық комитеттердің басшылары, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы салаларына жетекшілік ететін облыстардың барлық орынбасарлары қатысып, ветеринария саласындағы өзекті мәселелері мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО. Министр 2023 жылы Қазақстанның төрт облысында жануарлардың аса қауіпті…
Толығырақ »Жұмысқа орналастырамын алдап соққан
Құрманғазы ауданының полицейлері тұрғындарды жұмысқа орналастырып беремін деп алдаған азаматты тұтқындады, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО. Атырау облысы ПД Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің криминалдық және тергеу бөлімшесінің қызметкерлері бірлескен жедел іздестіру іс шарасы кезінде алаяқтық жолмен жұмысқа орналастырып беремін деп адамдарды алдаған 1988 жылы туған Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады. Күдікті өзінің құрбандарына…
Толығырақ »Қазақстан мұнай өндіруді уақытша қысқартуға келісті
Кеше JMMC бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 51-ші отырысы мен бейнеконференция форматында ОПЕК+ ұйымына мүше елдердің 36-шы министрлік кездесуі өтті. Оған Қазақстан атынан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қатысты, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО. Отырыста осы жылғы қыркүйек–қазан айларында мүше елдердің келісімі бойынша міндеттемелерді орындауы және мұнай нарығындағы ағымдағы ахуал талқыланды. Нәтижесінде, Қазақстан 2024…
Толығырақ »