Әлеумет
Білім министрі КВИ-ға қарсы отандық вакцинаны салдырды
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирус індетіне қарсы әзірленген отандық вакцинаны салдырды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты өз пікірін айтты. Оның айтуынша, ол екпенің клиникаға дейінгі зерттелу нәтижесін күнделікті алып тұрған және сараптамалардың нәтижесі мен тиімділігін көріп, отандық вакцинаны салдырған. – Одан бері біраз уақыт…
Толығырақ »БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 12,2 триллион теңгеден асты
2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 12,2 триллион теңгеден асып түсті. Бұл туралы БЖЗҚ-ның ресми сайтында хабарланды. 2020 жылдың қыркүйегіне қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,2 триллион теңге зейнетақы жинағы қалыптасты. Бір жылда зейнетақы жинақтарының сомасы 1,4 триллион теңгеге немесе 13% өскен. Зейнетақы…
Толығырақ »Карантин салдарынан ең көп зардап шеккен сала аталды
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов коронавирус салдарынан жұмысы қиындаған кәсіпкерлер туралы айтты. – Індет кәсіпкерлер жұмысына елеулі қиындықтар алып келді. Біздің орта есеп бойынша карантинде қызмет көрсету саласындағы 800 мыңнан астам кәсіпкер қиындыққа тап болды. Санитарлық дәрігерлердің бұйрығына сәйкес, олардың 500 мыңнан астамының…
Толығырақ »Қайтыс болғандардың саны анықталды
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов еліміздегі эпидемиологиялық ахуал туралы ОКҚ-да өткен баспасөз маслихатында айтты. Оның айтуынша, 25 қыркүйектегі мәлімет бойынша, елімізде коронавирус ауруымен ауырған азаматтардың саны 107 590-ға жеткен. Оның ішінде 95,1 пайызы немесе 102 360 науқас жазылып шықты. Бүгінде 3 515 адам ем қабылдауда. Ең өкініштісі, 1…
Толығырақ »Қазақтар кедейленіп барады
Finprom.kz сайтының хабарлауынша, осы жылдың екінші тоқсанында табысы төменгі күнкөріс деңгейінен аз тұрғындар саны 5,7%-ға дейін өсті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 4,3% болған. Осы жылғы көрсеткіш – 2011 жылдан бергі ең нашар көрсеткіш. Аталған жағдай елдегі экономикалық белсенділіктің төмендеуі, сондай-ақ, коронавирустық дағдарыстың салдарынан болған. 2020 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда жан…
Толығырақ »Келуі мүмкін екінші толқынға 159 млрд. теңге бөлінді
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирус екінші толқыны және пневмониямен күресуге 159 миллиард теңге бөлді. Бұл туралы ОКҚ онлайн-брифингінде ӘМСҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, — деп хабарлады tengrinews.kz. – Қазіргі уақытта қор тарапынан коронавирус пен пневмонияға қарсы күрес бойынша іс-шараларды төлеуге 159 миллиард теңгеден аса қаражат қарастырылған. Оның ішінде коронавирус…
Толығырақ »Карантин қайта енгізілсе жұмыссыздарға 42 500-ден көп төленуі мүмкін
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың мәлімдеуінше, карантин кезеңінде жұмысынан айырылғандарға төленетін төлемнің мөлшерін көбейту туралы ұсыныстар қарастырылып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Еңбек министрі карантин қайта енгізілсе, ол көп адамның жұмысынан уақытша айырылуына, сәйкесінше кірістерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін екенін де атап өтті. – Осыған байланысты біз жедел…
Толығырақ »Қазақстанда өлім жазасы жойылды
23 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттамаға қол қойды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сол күні өлім жазасын жою туралы халықаралық Хаттамаға қосылу туралы шешімді Қазақстан…
Толығырақ »Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды
Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ құрылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтында хабарланды. Қор «Индустриялық даму» және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларының қаржы операторы – «ДБ-Лизинг» АҚ базасында құрылды. Қор өңдеуші өнеркәсіптің отандық кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтуге мүмкіндік беріп, оларды 3%-дан аспайтын…
Толығырақ »Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 130 мыңға жуық шағым түскен
Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бойынша 130 мыңға жуық шағым түскен. Бұл туралы ҚР Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди бүгінгі мәжілістің жалпы отырысында мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. – Статистикаға тоқталсақ, биылғы 8 айда тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бойынша 130 мыңға тарта өтінім келіп түсті. Нәтижесінде 2,5 мыңы бойынша қылмыстық іс…
Толығырақ »