Денсаулық
Қадыр ауылында 25 орындық медициналық пункт салынуда
Бұл туралы облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Аталған медициналық нысанның құрылыс жұмысына тапсырыс беруші — облыстық Құрылыс басқармасы болса, бас мердігер мекеме — «Декор» ЖШС. Нысанның құрылысы жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында басталған, 2024 жылдың қаңтар айында аяқтау жоспарлануда. Бір қатарлы нысанның…
Толығырақ »Атыраулық дәрігерлер марапатталды
Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Іс-шараға Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев пен «Сенім» медицина қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Майра Қашкенова қатысты. Салтанатты шарада басқарма басшысы құттықтау сөз сөйлеп, ақ халатты абзал жандарға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттарын табыс…
Толығырақ »Атырауда жоғары технологиялық балалар хирургия бөлімі ашылды
Облыстық балалар ауруханасы ғимаратында «Сәби» қайырымдылық қорының қолдауымен «Шұғыл балалар хирургиясы» жобасы аясында жоғары технологиялық балалар хирургия бөлімі ашылды. Шараның ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. — Бүгін ерекше күн. Өйткені өңірімізде халықаралық деңгейде ота жасайтын бөлім ашылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев…
Толығырақ »Атырауда «Үміт сыйлау» жобасы іске асуда
Кеше «БолашақК» қоғамдық қоры орталығында осал топтардағы балаларды оңалтуға арналған «Үміт сыйлау» жобасын ақпараттандыру шарасы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Жоба «Қолдау» бағдарламасы бойынша Ішкі саясат басқармасы Азаматтық орталығының қолдауымен биыл қазан айынан бастап іске асуда. Жобаның үйлестірушісі Зарина Бектенованың айтуынша, жоба бойынша биорезонанстық диагностикадан 15 бала іріктелген. Оның…
Толығырақ »Биыл Атырауда психикалық және мінез-құлық бұзылуларының 264 жағдайы анықталған
Анықталған 264 жағдайдың 159-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Былтыр осы мәселе бойынша 169 жағдай есепке алынған. Бұл туралы Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының басшысы Елдос Кдрсихов баспасөз мәслихатында мәлім етті. Биылғы 9 айлық қорытынды бойынша Атырау облысында динамикалық бақылауда 8240 науқас тіркелген. Оның ішінде психиатриялық динамикалық бақылауда —…
Толығырақ »Атырауда 20 мыңға жуық адам тұмауға қарсы екпе алды
Өңірде биыл 1-15 қазан аралығында жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) 9119 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 5967 жағдай (65,4%), 3152 ересектер арасында, жүкті әйелдер арасында 44 жағдай (0,7%). — Тұмаудың жыл сайынғы маусымдық вакцинациялау жұмыстары 2023 жылдың 1 қазанынан барлық облыстың емханаларында басталды. Сатып алынған вакцинамен…
Толығырақ »Атыраулық 28 жасар әйелдің ішінен ірі ісік алынды
Атырау қаласының тұрғыны, 28 жастағы әйел адам ішінің ауырсынып және көлемінің өскенін айтып, онкодиспансер дәрігерлеріне шағымданған. Дәрігерлер оның сол жақ аналық безінің үлкен көлемде іскенін анықтап, ота жасады. Ота сәтті шыққан, науқастың жағдайы бірқалыпты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Науқасқа төменгі ортаңғы бөлікке лапаротомия, сол жақ бөлікке аднексэктомия (жатыр…
Толығырақ »Береке ықшам ауданында дәрігерлік амбулатория ашылды
Бүгін №3 қалалық емханаға қарасты «Береке» дәрігерлік амбулаториясы ашылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев пен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев және NCOC компаниясының басқарушы директоры Оливье Лазар қатысты. Жаңа дәрігерлік амбулатория медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бағдарлама аясында салынды. Мұндағы…
Толығырақ »Балалар ауруханасына 115 көпфункционалды кереует сатып алынды
ELEGANZA моделінен көпфункционалды 15 дана, LISA моделінен 100 дана кереует балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Электрлік реттелетін арнайы төсек стационарлық емдеу мекемелерінде науқасты жайлы орналастыруға арналған. Интуитивті таңбалары бар кереуетті басқару блогы барлық мүмкіндікке жылдам қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Осылайша мейірбике қызметкерлерінің емделушіге күнделікті күтім жасауын жеңілдетеді.…
Толығырақ »Атырауда 7754 адам тұмау және ЖРВИ жұқтырған
Биыл қазан айынан бастап тұмау және жедел респираторлық-вирустық инфекция тіркелуінің жоғарылауы байқалған. 1 қазаннан бастап 7754 адам тұмау және жедел респираторлық-вирустық инфекция жұқтырған. Оның ішінде ЖРВИ-мен 6998, тұмаумен 9, бронхитпен 746 адам тіркеліпті. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар…
Толығырақ »