Балалар ауруханасына 115 көпфункционалды кереует сатып алынды

ELEGANZA моделінен көпфункционалды 15 дана, LISA моделінен 100 дана кереует балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Электрлік реттелетін арнайы төсек стационарлық емдеу мекемелерінде науқасты жайлы орналастыруға арналған. Интуитивті таңбалары бар кереуетті басқару блогы барлық мүмкіндікке жылдам қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Осылайша мейірбике қызметкерлерінің емделушіге күнделікті күтім жасауын жеңілдетеді.

Аталған төсек-орын жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа сатып алынған. 115 кереуеттің жалпы құны 127 млн. теңге тұрады.

Төсек жеңіл және ыңғайлы, сонымен қатар, жоғары жайлылықты қамтамасыз етеді. 100 төсек-орын бөлімдерге бөлінсе, жаңа әмбебап кереуеттердің 15 данасы жансақтау бөліміне орналастырылған.

Айта кетейік, облыстық балалар ауруханасы 170 орынға арналған.