ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Летисия Баззи-Вейлмен кездесу өткізді. Кездесу кезінде тараптар бірлескен жұмыстың қорытындылары және ведомство мен халықаралық ұйымның одан әрі ынтымақтастығының перспективаларын талқылады, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
Светлана Жақыпова ЮНИСЕФ-ке әлеуметтік жұмыстың тиімділігін арттыруға, халықтың белгілі бір санаттары үшін түрлі қолдау шараларын дамытуға және т. б. бағытталған түрлі жобаларды іске асыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Өз кезегінде Летисия Баззи-Вейл жүргізіліп жатқан бірлескен жұмыстың тиімділігін жоғары бағалады, сондай-ақ әртүрлі бағыттар бойынша, оның ішінде салықтық-бюджеттік және әлеуметтік саясаттың өмір сүру сапасына әсерін бағалаудың микро-модельдеу құралын әзірлеу жөнінде бірқатар жаңа ұсыныстар ұсынды.
Сондай-ақ, тараптар Қазақстан Республикасы мен ЮНИСЕФ-тің 2021 – 2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылады.