Құрманғазы ауданының әкімі Жаңаталап, Ақкөл округтеріне барды
Құрманғазы ауданы әкімі Абат Жанғалиевтің бастамасымен ауылдың экономикалық және әлеуметтік жағдайын талдап, сараптау мақсатында жергілікті жерлердегі әкімдердің жылдық есебін тыңдау ісі қолға алынды, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл бойы атқарылған жұмыстарға зер салу үшін Жаңаталап, Ақкөл ауылдық округтерінде өткен кеңеске аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімі орынбасары, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының хатшысы, дербес бөлім, ауыл белсенділері қатысқан.
Кеңесте аудан әкімі ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт сияқты салалардың жай-күйі мен болашақ жобалар туралы ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары да аудан әкіміне жергілікті жерлерде шешілмей жатқан мәселелерге байланысты сауалдарын қойды.
Есептік жиында ауылдық округ әкімдіктеріне бөлінген қаржының мақсатты және толық игерілу жайы да назардан тыс қалған жоқ.