ҚР ҰЭ министрлігі макроэкономикалық болжамдау құралдарын жетілдіруде
Халықаралық валюта қоры миссиясының өкілдері ҚР ҰЭМ-нің макроэкономикалық талдау мен болжамдау, бюджет, салық және кеден саясаты департаменттерімен консультациялар жүргізді, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
Іс-шара барысында Министрлік макроэкономикалық болжамдау үшін қолданылатын тәсілдерді көрсетті. Халықаралық валюта қорының сарапшылары ҚР ҰЭМ-нің жұмысында пайдаланатын макроэкономикалық болжамдаудың тәсілдеріне оң баға берді.
Өз кезегінде ХВҚ миссиясысының өкілдері халықаралық қаржы ұйымдары, орталық банктер және жетекші елдердің үкіметтері кеңінен пайдаланатын экономикалық саясат пен тұрақтандыру бағдарламаларын әзірлеудің негізгі құралы ретінде адаптивті күтулердің кешенді моделін (Comprehensive Adaptive Expectations Model) ұсынды.
Тараптар Министрліктің макроэкономикалық болжамдау саласындағы әлеуетін дамытудың одан арғы бағыттарын айқындады.