Атырау теміржол вокзалында оқу-жаттығу өткізілді

Атырау қаласының теміржол вокзалында «Қауіпті жүктердің, оның ішінде темір жол көлігімен тасымалдау кезінде радияциялық, химиялық және биологиялық заттардың төгілуіне байланысты авариялық жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл дағдыларын пысықтау» тақырыбында оқу-жаттығу өткізілді, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Оқу-жаттығудың мақсаты – авариялық жағдайларға жедел ден қою шараларын жетілдіру, азаматтық қорғау қызметтерінің, оның ішінде: теміржол көлігіндегі көлік қызметінің, кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің және қалалық азаматтық қорғау қызметтерінің, ҚТЖ құрылымдарының күштері мен құралдарын тактикалық пысықтау.

Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу жөніндегі оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, күшті әсер ететін улы зат, атап айтқанда күкірт қышқылы төгіліп, теміржол көлігіндегі аварияны жою жөніндегі іс-қимыл алгоритмі пысықталды.

Оқу-жаттығу шарты бойынша жүк вагондарын қатты қақтығысуы кезінде күкірт қышқылымен сынауыштардың герметизациясы орын алды. Жақын жерде орналасқан т/ж қашықтықтағы қызметкер жағдайды анықтау барысында уланып, есінен танып қалды.

Бұдан әрі іс-қимыл алгоритмі бойынша құлақтандыру, барлау жүргізу, қоршау, зардап шегушіні эвакуациялау, ТЖ салдарын оқшаулау және жою жұмыстары атқарылады.

Қорытындысына талдау жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде тапсырма берілді.

Жалпы, оқу-жаттығуға ТЖД, теміржол вокзалының, Атырау облысының көліктегі санитарлық-эпидемиялық бақылау бөлімшесінің, желілік полиция бөлімінің, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» Атырау облыстық филиалының күштері мен құралдары, радиациялық-химиялық және биологиялық қорғау қызметінің күштері, барлығы барлығы 150 адам және 30 техника жұмылдырылды.

 

Мұндай бірлескен жаттығулар жарты жылда бір рет өткізіледі.