Жылыой ауданы жарқырай түседі
Жылыой ауданы көлемінде көше жарығының жалпы ұзындығы – 177 шақырым. Оның ішінде Құлсары қаласында – 136 шақырым, Қосшағыл ауылында – 10, Жаңа Қаратон кентінде – 25, Ақкиізтоғайда – 1, Шоқпартоғайда – 2, Тұрғызбада – 2 шақырым және Майкөмген ауылдық округінде – 1 шақырым. Бұған қоса Жаңа Қаратон кенті мен 6 ауылға 71,5 шақырым жарық жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Бқл туралы БАТЫС.ИНФО Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан ақпаратқа сүйене отырып хабарлайды.
Осыған орай ауылдық елдімекендерді көше жарығымен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, сараптама қорытындысы алынып, жұмыстар жүргізілуде.
–Қазіргі таңда әлеуетті өнім беруші мердігер мекемелер анықталып, құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Шоқпартоғай ауылының 18 көшесіне 12,4 шақырым көше жарығы жүргізіледі. Мердігер мекеме – «Гранд Мастер» ЖШС. Ал Тұрғызба ауылының 23 көшесіне 12 шақырым, Ақиізтоғай ауылының 18 көшесіне 12,5 шақырым көше жарығы жүргізілгелі жатыр. Мердігер мекеме – «Казақстан электрокомплекс» ЖШС. Сондай-ақ, «Армандастар Атырау» ЖШС мердігерлігімен Майкөмген ауылының 6 көшесіне 5,6 шақырым көше жарығы жүргізіліп басталды, – деді Жылыой аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Саян Баселов.
Сонымен қатар, ол «Жайық сити» ЖШС мердігерлігімен Жаңа Қаратон кентінің 9 көшесінің 4 шақырымына және «Сұңқар құрылыс LTD» ЖШС Қосшағыл ауылының 41 көшесіне 25 шақырым жарық жүргізетінін жеткізді.
Айта кетейік, жарық жүргізу бойынша Шоқпартоғай ауылындағы жұмыстар аяқтала келсе, Майкөмген ауылындағы жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Ал қалған ауылдарға 2024 жылы көше жарығы беріледі деп жоспарлануда.