ЕҚЫҰ өкілімен БАҚ бостандығы туралы талқы жасалды

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен кездесу өткізді, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Кездесу барысында бұқаралық ақпарат құралдарының саласына және олардың Қазақстандағы қауіпсіз ақпараттық кеңістікті қалыптастырудағы рөліне қатысты ашық пікірталас өтті. Атап айтқанда, тараптар журналистік қызмет сапасының стандарттарын арттыру саласындағы еліміздің ЕҚЫҰ-мен одан әрі ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

Кездесу нәтижелері бойынша cұхбаттасушылар Қазақстанның ақпараттық кеңістігінің орнықты жұмыс істеуі мен қауіпсіздігін дамытуға және қамтамасыз етуге бағытталған сындарлы диалогты жалғастыру уағдаластығына қол жеткізді.

Сонымен қатар, Астанаға сапары барысында Т.Рибейро ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаевамен кездесті. Оның Парламентте және басқа мекемелерде кездесулері жоспарланған.