Облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды
Осыған дейін Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарған Жанғалиев Әлішер Қамбарұлы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО хабарлайды.
Әлішер Жанғалиев 2011 жылы Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы еңбек жолын халыққа қызмет көрсету орталығының кеңесшісінен бастады,
2012 – 2021 жылдары Атырау қаласы әкімінің аппаратының, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау бөлімінің нұқсаушысы, кадр қызметі бөлімінің бас маманы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау бөлімінің басшысы, 2021 жылдан бастап күні бүгінге дейін Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.