Адамдар үй кезегін 15 жылдап күтпеуі керек — министр
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев елдегі тұрғын үй кезегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Батыс-Инфо»
Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Біріншіден, қайтыс болғандар туралы. Олардың үй кезегінде тұрғаны анықталды. Бұл факт тексеруді қажет етеді. Мысалы, егер адам қайтыс болса, оның үй кезегі заңды түрде мұрагеріне беріледі. Үй кезегін оңтайландыру мақсатында өткен аптада Үкімет заңнамаға түзетулер енгізіп, олар Мәжіліске жіберілді. Сондай-ақ, біздің министрлік үй кезегін басқару процесін ұлттық даму институтына беруді жоспарлап отыр», — деді Қанат Шарлапаев.
Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құжаттарды тапсыру кезінде қателік жіберген 233 мың адам тұрғын үй кезегінен шығарылатынын хабарлаған еді.
«Қазір ең көп талқыланатын нұсқа – «Отбасы банкі». Үй кезегі бойынша әкімшілікпен айналысады. Бұл кезекке тұру процесі толығымен цифрландырылады. Біз тұрғын үйді кезекте тұрғандарға тарататын тұрғын үй комиссиялары сияқты барлық шешімдерден бас тартқымыз келеді. Түсінікті әрі нақты ережелердің болғанын қалаймыз. Мысалы, біз қабылдайтын түзетулердің бірі — адамдардың 20 жыл тұрғын үй кезегінде тұрмауы. Келесі бір түзету – 1 жыл ішінде алдымен басым топтарды тұрғын үймен қамту. Адамдар үй кезегін 10-15 жылдап күтпеуі керек»,-дейді ведомство басшысы.
Фото baq.kz сайтынан алынған.