Бәйгетөбеде – жаңа әкім

Мақат ауданындағы Бәйгетөбе ауылдық округінде жаңа әкім сайланды. Бұл туралы «Мақат тынысы» газетіне сілтеме жасай отырып «Батыс-Инфо» ақпараттық порталы хабарлайды.

17 қыркүйек күні ауылдық округ тұрғындарының көпшілік дауысының нәтижесінде Кенжебек Махмұтұлы Бәйгетөбе ауылының әкімі болып сайланды.

Кенжебек Махмұтұлы 1977 жылы 6 қаңтарда Атырау облысы, Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Атырау қаласындағы әскери бөлімшенің взвод командирі болып бастаған. 1999-2017 жылдары рота командирі, штаб бастығы, бөлімше командирі, әскери бөлімше командирі болып жұмыс істеді. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап бүгінге дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің әскери кафедрасының аға оқытушысы болып еңбек етті.

Аудан әкімі Ринат Ибрагимов Бәйгетөбе жұртына жаңа әкімді таныстырып, ауылдық округтің бұрынғы басшысы Қонысалы Хисаұлына елге сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді.

 

Фото авторы: @maqataudany