Жаңа Бюджет кодексінің жобасы талқыланды

Ұлттық қордың қаржысы тек маңызды инфрақұрылымдық, стратегиялық және жалпыхалықтық жобаларды қаржыландыруға бағытталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қорға келетін болсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес одан түскен қаражат өте маңызды инфрақұрылымды, стратегиялық және жалпыхалықтық жобаларды ғана қаржыландыруға бағытталады. Жаңа Бюджет кодексі мемлекеттік экономикалық саясаттың басты құралына айналуы тиіс. Ол Президент белгілеп берген әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін іске асыруға ықпал ететін болады. Жалпы, кодекс бүгінгі күн талаптарына сай келеді. Сондай-ақ, үнемді және жауапты бюджеттік саясатты іске асыруға мүмкіндік береді», — деді Әлихан Смайылов.

Жаңа Бюджет кодексінің жобасы талқыланған соң Үкімет мүшелері құжатты Парламенттің қарауына енгізеді.

 

Фото kostanaytany.kz сайтынан алынған.