Атыраудағы әуежайда жолаушылар неге дүрлікті?

«Бұл туралы Х.Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайында түсірілген бейнежазба тарады» деп хабарлайды «Батыс-Инфо».

Әуесқой түсірілімдегі бейнежазбада «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Жолаушы азаматтар және әуежай қызметкерлері! Төтенше жағдай орын алуына байланысты тез арада ғимараттан қауіпсіз арақашықтыққа шығуларыңызды сұраймыз» деген әуежай қызметкерінің даусы анық естіліп тұр.

Алайда Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет ешқандай төтенше жағдай болмағанын мәлімдеді.

«Әуежайда жалған хабарлама болған. Қазір бәрі бірқалыпты» деді ПД баспасөз қызметі.

 

Фото zhaikpress.kz сайтынан алынған.