Бекзат – ел чемпионы
14-15 мамыр Түркістан облысы, Кентау қаласында каратэ-до шотоканнан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Атырау облысының спортшылары 1 алтын, 3 күміс жəне 1 қола медаль еншіледі. Бұл туралы Атырау облыстық Денешынықтыру және спорт басқармасының парақшасында хабарланды.
Жастар арасында 65 кг салмақ дəрежесінде Саинов Бекзат ел чемпионы атанып, «Қазақстан Республикасының спорт шебері» нормативін орындады. Ал жасөспірімдер арасында жекелей сында 60 келі салмақта Тілекқабыл Ақбота мен 35 келіде Жәнібек Жаныл, командалық кумите бойынша Өсербай Гулназ, Асқарқызы Зарина және Исабекова Азиза күміс жүлдегер атанды.
Сондай-ақ, командалық кумите бойынша Жеткіншекұлы Нұрасыл, Тілекқабыл Əліби және Жеткіншекұлы Нұралы қола жүлдеге ие болды.