Жаңалықтар - 21.05.2021

Комплаенс-қызметтердің жұмысы тиімді ұйымдастырылуы тиіс

«Қазсушар» РМК-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңартылған нормалар талқыланды. Су ресурстар комитеті басшысының орынбасары Айдар Тастеміровтың төрағалығымен өткен кездесуге кәсіпорынның бас директоры Алтай Елжасов, сондай-ақ бейне байланыс арқылы еліміздің барлық өндірістік филиалдары мен су арналарының өкілдері қатысты.

Айдар Тастеміровтің сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді қалыптастыру бойынша дәйекті қадамдар қабылдануда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту бойынша бірқатар базалық заңнамалық шаралар кезең-кезеңімен қабылданды.

– Бүгінгі таңда әлемде корпоративтік парасаттылықты қамтамасыз ету мен сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі құралы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау шеңберіндегі комплаенс тәуелсіз қызметтерінің тиімді қызметі болып табылады. Комплаенс-қызмет мамандарының негізгі міндеттерінің бірі-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау. Ең маңызды басымдық — бұл алдын алу, – деп түсіндірді ведомство басшысының орынбасары.

Бұдан басқа, мемлекеттік сектор ұйымдарында корпоративтік стандарттарды сақтау осы ұйымдардың басшылары үшін басымдықтардың бірі болуы тиіс деп айтылды.

– Комплаенс-қызметтердің толыққанды жұмыс істеуін кідіріссіз және сапалы ұйымдастыру қажет. Бұдан басқа, ел Президенті тек 2019-2020 жылдары ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі заңдардың үш пакетіне қол қойды. Заңда Жолдауда айтылған сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жазаны қатаңдату және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жаңа құралдарды енгізу туралы тапсырмалар іске асырылған. Қылмыстық заңнаманы қатаңдатумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі басымдық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мен ескертуге ауыстырылады, – деп атап өтті Айдар Тастеміров.

«Қазсушар» РМК бас директоры кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамдық бақылау бойынша кешенді шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. Аталған функцияларды орындау үшін кәсіпорында ішкі бақылау қызметі ашылып, сенім телефоны 8-777-986-86-36 жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, «Адалдық алаңы»кеңсесі бақылауын жүргізуде.

– Азаматтар бізге тікелей хабарласуы үшін телефон желісі ашылды. Тәулік бойы аптасына 7 күн жұмыс істейді. Бұл арқылы біздің қызметімізге қатысты барлық мәселелер бойынша, сондай — ақ сыбайлас жемқорлық көріністері фактілері бойынша жүгінуге болады, – деп хабарлады Алтай Елжасов.