Чернобыль апатын жоюға атсалысқандарға құрмет көрсетілді
1986 жылы 26-ншы сәуірде Украина жерінде Чернобыль Атом электр стансасында өте қуатты жарылыс болды. Сол күннен бастап бүкіл Кеңес Одағының қарулы күштерінің құрылымдары апатты жоюға жұмылдырылды. Сонымен қатар, халық шаруашылығынан мыңдаған адамдар жұмысқа тартылып, көмекке жіберілген еді…
Атырау облысынан 1500 жуық азаматтар жөнелтілді. Әлем тарихындағы Чернобыль атом-электр стансасында болған ірі ядролық техногендік апаттың жойылғанына биыл 35 жыл толды. Осыған орай, 26 сәуірде Атырау облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің жеке құрамының қатысумен Чернобыль атом электр стансасындағы апатты жоюға қатысқан Асқар Илешовпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Өрт сөндіруші» АҚ филиалында қызмет жасайтын оған Департамент бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов арнайы «Алғыс хат» табыс етті.