Атырауда даудың 80 пайызы медиация арқылы шешіледі
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Алем Уалиев мәлімдеді, деп хабарлайды коммуникациялар қызметі.
– Қазіргі таңда «Халықаралық құқық қорғау орталығы» дауларды сотқа дейінгі тәртіппен медиация арқылы шешуді жалғастыруда. Істердің 80 пайыздан астамы медиация арқылы аяқталуда. Тұтынушы мен кәсіпкер арасындағы даулы жағдайды шешу тараптарға келісімге келуге мүмкіндік береді және тараптарды сот тәртібімен даулы жағдайларды шешу қажеттілігінен босатады, – деді Алем Уалиев.
Бүгін Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Атырау қалалық соты және «Халықаралық құқық қорғау орталығымен» тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сұрақтар бойынша сотқа дейінгі, соттан тыс және соттық реттеу институттарын жан-жақты дамыту, олардың қызметтерін белсенді түрде жүзеге асыруды өзара ынтымақтастық таныту мақсатында үш жақты меморандумға қол қойылды.