Индерде барымта белең алды
Атырау облысына қарасты Индер ауданында барымташылар жайылымда жүрген төрт түлікті атып әкетіп жатыр. Бұл туралы Qazaqstan.tv хабарлады.
Бір түнде 4 бас жылқы оққа ұшқан. Екеуін сойып, етін көлікке тиеп кетіпті. Оның ішінде буаз биелер де бар дейді тұрғындар.
Екі ай ішінде Индер ауданында 30-ға жуық жылқы қолды болған. Әсіресе барымташылар Батыс Қазақстан облысына жақын жатқан ауылдарды әбігерге салған. Ал полиция департаментіндегілер малды өріске бақташысыз жіберген болса, шаруалардың өзі заң алдында жауап береді дегенді айтады. Биылдың өзінде барымташылықпен айналысқан 27 күдікті ұсталып, 61 бас жылқы иелеріне қайтарылған.
– Қаңтар айының аяғына дейін екі бас жылқы кетті. Оны да атып әкеткен. Басы мен сирағын ғана таптық, – дейді Индер ауданының тұрғыны Айтқали Жалиев.