Табиғат пайдаланушылардың қызметі тоқтатылды
Атырау облысы бойынша экология департаменті 2020 жылы табиғат пайдаланушыларға 83 тексеру жұмысын жүргізді. Тексерулер нәтижесінде 244 Қазақстан Республикасының экологиялық заңнама талаптарының бұзылуы анықталды. Бұл туралы Атырау облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Анықталған заңбұзушылықтар бойынша 95 әкімшілік іс қозғалып, оларды қарау қорытындысымен жалпы құны 96 млн. 017 мың 000 теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының бұзылуын жою туралы жалпы құны 1 млрд. 184 млн. 995 мың 111 теңге болатын 64 нұсқама берілді.
Бұдан басқа, сот органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметтi тоқтата тұру туралы 17 талап-арыз ұсынылды. Нәтижесінде сот шешімдерімен заңнама талаптарын бұзуға жол берген табиғат пайдаланушылардың қызметі тоқтатылды.
Департаментпен 2019–2020 жылдары мемлекет кірісіне жалпы соммасы 5 миллиард 169 миллион 636 мың теңге өндірілді.