Қарақшы ұсталды
5 наурыз күні сағат 10:30-да Привокзальный ықшамауданында микронесие ұйымының кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасалды. Бұл туралы Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Бетперде киген азамат кассирді пышақпен қорқытып, кассадан 400 мың теңгені ұрлап кеткен.
– Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция ізін суытпай, 25 жастағы күдіктіні ұстады, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.