Оқушылардың көктемгі демалысы 12 күнге созылады
ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 20–31 наурыз аралығында – 12 болады. 4-тоқсан сабағы 1 сәуірде басталады.
Сонымен қатар, ведомство мәліметінше, 3-тоқсанда 1 сынып оқушылары үшін қосымша демалыс болды. Ол 8–14 ақпан аралығында 7 күнге созылды.
Еске салсақ, оқу жылының 3-тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып, аралас оқыту (пәндердің 70 пайызын – дәстүрлі форматта, 30 пайызын – қашықтан) форматына көшірілді.